top of page
Шығарманың астарлы ойы мен негізгі идеясы
1
Шығарманың негізгі ойы
Ғабит Бекмахметовтің «Барсакелмес. Көшпенділердің оралуы» романында Кенесары ханның клондау арқылы тірілуі – ұлттық жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтірудің көркем символы.
Бұл – ұмытылған тарихты жаңғыртып, рухани оянуға шақыру. Кенесары образы – азаттық пен ұлттық намыстың белгісі.
Шығарма ғылым мен биліктің рухани жауапкершілігін де көтереді: өйткені өткенді түсінбей, болашаққа жол жоқ.

2
Шығарманың астырлы ойы
Шығармада Кенесары ханның басын ДНҚ арқылы қайта тірілту, яғни клондау мотиві – жай ғана фантастика емес, ұлттық жады мен тарихи әділеттілік мәселесін көтеретін көркем тәсіл. Романда автор осы іс-әрекет арқылы елімізді алға жетелейтін, халықтың басын бір мақсат, идея жолында біріктіретін тұлғаның болмысымен байланыстырғанын аңғарамыз.
Сонымен қатар, автор клондау/реинкарнация (жанның көшуі, жанның ауысуы) арқылы халықтың ұмыт қалған тарихи жадын жаңғырту қажеттігін меңзейді.
Қазіргі таңда көшпенділер мәдениеті, дәстүрі мен салты қайта жаңғыруда, оның дәлелі 2024 жылы Көшпенділер ойыны еліміздің ордасы - Астанада өткізілгені.
bottom of page
